Úı ANONS «MAMATAI BALAKAI»: Сапалы өнім, қолжетімді баға

«MAMATAI BALAKAI»: Сапалы өнім, қолжетімді баға

Балалар киіміне деген сұраныс қашанда жоғары. Ата-аналар өмірге жаңа келген сәбилері үшін сапалы, табиғи және қауіпсіз өнім таңдауы маңызды. Ал мұндай талаптарға сай келетін киімдерді «MAMATAI BALAKAI» дүкенінен табуға болады.  Толығырақ келесі материалда.

«Менің қолымдағы мына әдемі шұлық бұл дүкенге жақында ғана жеткізілген. Көздің жауын алатын зат 3-6 айлық нәрестеге арналған. Жұп-жұмсақ, түсі де ерекше. Сатушылардың айтуынша, мұндай өнімдер дүкенде ұзақ тұрмайды екен. Себебі сапалы киімге деген сұраныс, қашанда жоғары. Ал ең бастысы «»Маматай балақай» дүкенінде балаларға арналған мұндай заттардың кең таңдауы бар».

«Маматай балақай» дүкені нарыққа 5 жыл бұрын келген. Аналар мен 1 жасқа дейінгі сәбилер үшін дүкенде қажетті 1000-нан аса тауар қолжетімді. Сұранысқа ие дүкен 65 мыңнан аса аналарды босануға дайындаған. Дүкен келушілер арасында жиі ұтыс ойындарын ойнатады. Бұл жолғы сыйлық иесі — Гүлфайруз Тасболат. Ол дүкеннің тұрақты тұтынушысы екен. Екінші немересіне қажетті заттарды жинаған әже «бұл сауда орнында барлығы бар. Сапасы жақсы, бағасы тиімді дейді.

Гүлфайруз Тасболат, тұтынушы: «Біз бүгін осыншама қажетті заттарды алумен қатар, ұтыс ойынына қатысып, өзімізге қажетті балаларды жаңағы жолға шыққанға шөлдеп қалмасын деп балалардың сусынын құятын әдемі ыдыс және олардың киімдерін жуатын сұйықтық алып бара жатырмыз. Өте ризамыз.

Мұнда сапалы тауардан өзге, қызметкерлерден қажетті кеңес те ала аласыз.  Егер алғаш ата-ана болатын болсаңыз уайымдамай сатушыдан көмек сұрай аласыз.

Айтолқын Қуаныш, сатушы: «Көптеген әкетайлар да келеді. Олар ешнәрсе білмейді. Қыздар маған «перзентханаға арналған сөмке» керек. Келіншегім босанайын деп жатыр» дейді. Біз әрине ол кезде жылдам көмектесуге тырысамыз. Өйткені біздің тәжірибеміз мол. Қанша уақыттан бері жұмыс жасап жатырмыз. Солай алғыстарын алғанбыз көп».

Нарықта өзіндік орны бар, тұтынушының көңілінен шыққан бұл дүкен ерекшелігі бұл жерден барлық қажетті өнімді бір жерден қолжетімді бағаға аласыз. Дүкендегі  барлық киімдер мақтадан жасалған. Ауа өткізеді, баланың денесіне жайлы. Мұндағы өнімдер «Данико», «Адал» секілді отандық өндіріс орындарынан келеді. Одан бөлек, Түркия, Ресейдендің сапалы өнімдері бар. Сондай-ақ , дүкеннен бесікке арналған тауарлар табылады».

Сәуле Әмірқызы, дүкен құрылтайшысы: «Одан басқа бізде бесікке қажетті барлығы бар. Төсеніш, жаялық. Және бізде кішігірім мини цех бар. Және бесік жабдықтарын біз өзіміз таза мақтамен тігеміз».

Айта кетейік, каратин уақытында ашылған дүкен онлайн форматта да жұмысты жолға қойған. Әлеуметтік желі арқылы тапсырыс Қазақстанның барлық қалаларына жеткізіледі.  Және алдағы уақытта дүкен өзге қалалардан нүктелер ашуды жоспарлап отыр.

Ботакөз Әнуар