Жанат Тажиева жаңа қызметке тағайындалды

1645

Жаңа аптаны  – жаңа қызметпен! Шымкент қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы  Жанат Тажиева Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен жаңа қызметке тағайындалды.

Тажиева бүгіннен бастап Оңтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды. Жанат Тажиеваны мектеп директорлары мен қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай бүгін салнатты түрде жаңа қызметке шығарып салды.

Білім ұяларының басшылары Жанат ханымға гүл шоқтарын сыйға тартып, жаңа қызметте сәттілік тіледі. Айта кетейік, қалалық білім бөлімінің басшы қызметіне уақытша Айгул Текебаева тағайындалды.