Қорымдарды тазалау үшін 67 млн. теңге…

576

Қаладағы 47 қорымды күтіп ұстайтын мекеме анықталды. Мемелекеттік сатып алу конкурсында жеңімпаз атанған мердігер қорымдағы 6 ай бойы қордаланған қоқыстарды тазартуға кірісті.

Айтуларынша қоқыс әсіресе христиан қорымында өте көп. Оны тазартуға 30 жұмысшы, 5 техника жұмылдырылып отыр. Үш күннің ішінде 40- қа жуық арнайы көлікпен қоқыс шығарылған. Ал мұсылман мазарындағы су мәселесі де шешімін тауып отыр.

Естеріңізге салар болсақ, христиан дін өкілдері қорымда қоқыстың қордаланғанын айтып шағымданған болатын. Ұалалық ТҮКШ бөліміндегілер мемлекеттік сатып алу конкурсының созылуына байланысты қорымдарды тек сенбілік өткізіп, тазартып жүргендігін жеткізген еді. Енді мәселе оң шешімін тауыпты. Жыл соңына дейін жауапты серіктестік 67 млн. теңгені игеретін болады.

Нұрлан Күдерұлы