Өзіне қол салды

637

Ордабасы ауданында 25 жастағы полицей асылып қайтыс болды. Жас жігіт аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет атқарған. Полиция лейтенантының денесі жалдамалы пәтерден табылыпты. Туыстарының сөзіне қарағанда, марқұм суицид жасау кезінде полиция формасында болған. Өзіне өзі қол жұмсаған лейтенанттың ата-анасы перзентінің өліміне Ордабасы аудандық ІІБ  басшылығы себеп деп отыр. Айтуларынша, ұлдарының өз-өзіне қол жұмсауына көрсетілген қысым себеп болған.

ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы жағдайға байланысты тергеу жұмыстары басталған. Қазіргі таңда қызметтік тексеру жұмыстары жүргізілуде.