Дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді

601

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында  талап қоюшы Н.-ның жауапкер Б.-ға ортақ мүлікті бөлу туралы азаматтық ісі партисипативтік рәсім тәртібінде қаралды, – деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Азаматтық істі сотта қарау барысында тараптардың адвокаттары дауды реттеуге жәрдемдесуінің нәтижесінде, талап қоюшы мен жауапкер дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу келісімін жасап, оны бекітуді сұраған.

Соттың ұйғарымымен ортақ мүлікті бөлу туралы осы іс бойынша дауды партисипативтік тәртібімен реттеу туралы ортақ келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Келісім бойынша талап қоюшы Н. Шымкент қаласында орналасқан тұрғын үйді қабылдап, қалған мүліктерінен бас тартады. Ал,  жауапкер Б. алдағы уақытта жоғарыдағы тұрғын үйге ешқандай талап-тілек қоймауға міндеттенді.

Төленген 22 130 теңге мөлшеріндегі мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.