Таршылықтағы тіршілік. Қала әкімінің кезекті жеке қабылдауына келгендер тар жолды кеңейтуді сұрады. Енді бірі халықтың жағдайын жасап, медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруды сұрап, тұрғын үй мәселелері бойынша сұрау салды. Жеке қабылдауда аудан әкімдері мен басқарма басшылары да халықпен кездесіп, түйткілді мәселелердің шешілуіне түрткі болды.
Қабылдауға келгендердің бірі Абай ауданы, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабының азаматшасы. Ол талай жылдан бері, әкімдік жағалап жүр екен. Өйткені, үй маңындағы жол тар, көліктер еркін қатынай алмайды. Қала берді медициналық орталыққа мұқтажбыз деп отыр. Айтуынша, жоқтан бар деп қолданысқа берілген жекеменшік медпункте тұрғындар үшін толық жағдай жасалмаған.
МАЛИКА ТӨЛЕГЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Біздің тұрғын алабты мегаполиске енгізіп қойған ғой. Бірақ біздің қоғамдық көлік жүретін жолымыз тар. Екі көлік сыймай қалады. Ғабит Сыздықбековке рахмет. Медпунк арендаға ашып берді. Бірақ сол жерде әжетхана жоқ. Келген қариялар бар, ауру кісілер келгенде, медбикелер айтады да, шыдай алмай аулаға отырып кетеді дейді».
КЕҢЕС ШЕРХАН, АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ АППАРАТ БАСШЫСЫ: «Біз бұл кісілердің мәселесін жақсы білеміз. Медпунк, жол мәселесі толық хабардармыз. Сонымен қатар, бұл кісілер сквер сұрап жатыр. Ал жолды кеңейту жұмыстары ендігі жылға жоспарда бар. Тек келесі жылы».
Осылай аудан әкімдігінің өкілдері тұрғындардың базынасынан хабардар болып шықты. Бірақ, инфрақұлымды реттеу, заманауи медициналық орталыққа қол жеткізу үшін, кемі бір жыл күту керек. Бұдан бөлек, баспана мәселесі де күн тәртібінен түскен жоқ. Кезекте тұрған азаматтар тұрғын үйге қол жеткізу мерзімін қысқартуды сұраса, енді бірі кредитінен құтылып, қарыздың қамытынан шыққанша баспанамен қамтамасыз етуді сұрап отыр.
«Мемлекеттік қызметкермін деп, көмек сұрау мақсатында уақытша тұратын болса да, көмек сұрап жүрмін».
«Әкім қабылдауына келген себебім, Әл-Фараби аудан әкімдігіне рахмет айтқым келеді. Біз наурыз айында азық түлік себеттерін сұраған болатынбыз. Бізге берді. Аз қамтылған отбасыларға. Рахмет айтқым келеді».
Бұл жолы қабылдауға 150 — ге жуық адам келген. Олардың әрқайсысының мәселесі назарға алынды. Алдағы уақытта көтерген проблемалары кезең-кезеңімен шешімін таппақ. Айта кетйейік, мұндай қабылдаулар халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, өзекті мәселелерді дер кезінде шешуге мүмкіндік береді.
Нұргүл Жолымбетова






