Мақтаралдың әкімі WhatsApp желісіне қосылды

900

Мақтарал ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевпен тікелей байланысу үшін WhatsApp желісі іске қосылғандығын хабарлаймыз. Аудан басшысына тікелей 87075896785 нөмірі арқылы сұрақтар қойып, ұсыныс жасауға болады. Сондай-ақ, арыз-шағым мен өтініш жолдауға болады, деп хабарлайды Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Ауданның абаттануын жақсартып, тазалығын сақтау мақсатында да WhatsApp сервистің пайдасы зор. Мәселен, коммуналдық шаруашылық саласына қатысты сын-ескертпелерді, атап айтқанда уақытылы шығарылмаған қалдықтар, стихиялық қоқыс орындары, ашық жатқан канализациялық құдықтар және басқа да кемшіліктер туралы фото суреттер мен видеоларды жолдауға болады. Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті бұзу, ұсақ бұзақылық жасау, жолда жүру ережелерін бұзу сияқты т.б. қоғамдық тәртіп пен заң бұзушылықтардың да суреттері мен видеоларын жібере аласыздар.

Барлық хабарламалар Мақтарал ауданы әкімі аппаратына келіп түседі және сын-ескертпелер мен заң бұзушылықтарға заң аясында тез арада шара көріледі.

Айта кетейік, хабарламада фото және видео айғақтардың мекен-жайы міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ, аталған желіде қоңырау қабылданбайды.