Келген көпшілік жазушының өміржолы мен еткен еселі еңбегін айтып, тұлғаның қазақ әдебиеті төріндегі орнын тағы да айшықтады. Сондай-ақ, қоғамдағы, ХХ ғасырдың соңғы жылдарындағы қиын қыстауға қарамай, қазақ журналистикасындағы «Жібек жолы» баспасының биігін көрсеткен автордың ерлігі әлі елдің есінде.
Айта өтейік, Төрегелді Байтасов 1993 жылы «Жібек жолы» баспасының Президенті қызметін атқарған. Және Алаш жұртының бүгіні мен болшағы үшін 500-ден аса түркітілдес кітаптарды шығарып, қарашаның құрметіне бөленген.