Úı ANONS Бас имам жұмыстан кетті

Бас имам жұмыстан кетті

фото әлеуметтік желі

Түркістан облысы Шардара ауданының бас имамы Марат Асанов әлеуметтік желіде өзіне қатысты жасалған арыз-шағымнан кейін қызметінен кетті. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.

Жүніс Сартаев, Қонар ата мешітінің азаншысы: «Келгелі бас имамның бір жерге шыққанын көрген жоқпын. Тек жұманың уағызына жылына екі, үш рет шыққанын көрдім. Мешіттің жанында телефон шұқылап жатады. Қасына ешкімді жолатпайды. Мен жамағаттан ақша жинаймын. Коммуналдық төлемдерді төлеймін, чектері өзімде бар. Жамағат садақадан, мешіттің құрылысына түскен ақшадан неге төлемейсіңдер деп сұрайды. Оны бас имамнан сұрасам ол бізге ұрсады. Шәкірттердің көзінше балағаттаған кездері бар. Біз оған ештеңе дей алмаймыз. Бұл жағдайларды Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлеповке айтқан едім, ол кісі шара қолданып жатқан жоқ. Сол үшін мен бас муфтиден шара көруіңізді сұраймын».

Бұдан бұрын Шардара ауданы Жаушықұм ауылдық округіне қарасты Қонар ата мешітінің азаншысы болған Жүніс Сартаев әлеуметтік желіде ауданың бас имамы қысым көрсетіп, ақша жинататыны туралы мәлімдеме жасаған еді.

Дилара Иса