Сайрам көшесі жаңа технология бойынша жөнделуде

530

Шымкентегі Сайрам көшесінде ерекше технологиямен жол жөндеу жұмысы басталды. Ауыр жүк көліктерінің жиі жүруіне байланысты асфальт жабындысы жыл сайын бұзылатын. Қала басшылығы сапасы 10 жылға кепілдік беретіндей етіп жөндеуді жөн санап отыр. Жаңа технологиямен жасалып жатқан жұмыстың артықшылығы көп.

Ұзындығы екі шақырымнан астам жолдың құрылысы тамыз айында аяқталады. Сайрам көшесін күрделі жөндеу жұмыстары екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңінде Желтоқсан және Ш. Уалиханов көшелерінің аралығында асфальт жабындысы қырылып, Ресайклер технологиясымен асфальт төселеді. Сала мамандарының айтуынша, бұл жаңа технология барлық елде кеңінен қолданылады. Оның ерекшелігі жол ауыр жүк көліктеріне төтеп береді. Оңтүстікте алғаш рет Сарыағаа ауданында пайдаланылған.

Сайрам көшесіндегі автомобиль жолын жаңа технологиямен орташа жөндеуден өткізу үшін бюджеттен 218 млн. теңге қаражат қаралыпты. Бұдан бөлек биыл Шымкент қаласында және 54 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр .

Биыл шаһарда 200 шақырым топырақ жолға шағал тас төселеді. Қала әкімі тұрғындарға берген уәдесін орындау мақсатында бюджеттен 500 млн. теңге бөлдіріпті. Бүгінгі таңда 27 көше яғни, 30 шақырым жолға тас төселді.

Нұрлан Күдерұлы