Ғ. Ілияев көшесіне орташа жөндеу жұмысы жүргізілді

Бекітілген бас жоспарға сәйкес, Ғ.Ілияев көшесі орташа жөндеуден өтті. Жолдың үстіңгі қабатын тегістеу, нығыздау, асфальт жабындысын төсеу жұмыстары атқарылып, жаяу жүргіншілер жолы салынды.

Жалпы жол ұзындығы 2,7 шақырымды құрайды.Сондай-ақ, ұзындығы 1990 метрлік Д.Қонаев даңғылынан Бейбітшілік көшесіне дейінгі аралықта веложол салынды.

Еске салайық, жол құрылыс жұмысы өткен жылы басталып, 2022 жылдың шілде айында қабылданып, пайдалануға берілген.