Халықаралық байқауда бақ сынамақ

546

Астана қаласының 20 жылдығы аясында «Burabay Summer Fest» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер телефестиваліне Оңтүстік өңірінен Ордабасылық Айнабек Диас Қуатбекұлы қатысып, бақ сынайды.

11 жасар Диас аудандық Өнер мектебінің ұрмалы-соқпалы аспаптар класының шәкірті. Жыл басынан бері бірқатар сайыстарға қатысып, топ жарып келеді. IV Республикалық «Жұлдызға жол» балалар мен жасөспірімдер байқауының ІІ дәрежелі лауреаты, облыстық 51-ші «Жас музыканттар» байқауының І дәрежелі лауреаты атанды.

«Burabay Summer Fest» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер телефестивалінің облыстық іріктеу кезеңінде Ордабасы ауданының намысын қорғаған Диас енді халықаралық байқауда Оңтүстіктің абыройын асқақтатады деп сенеміз!