«Қазақ елі» анимациялық фильмі халықаралық байқауда үздік атанды

354
«Қазақ елі» анимациялық фильмі халықаралық байқауда үздік атанды

Шілде айының соңында Астанада халықаралық ХІІІ «Еуразия» кинофестивалі өтті. Соның аясында ұйымдастырылған «Бес құрлық» балалар фильмдерінің фестивалінде «САҚ» киностудиясының «Қазақ елі» толықметражды анимациялық фильмі «Ең үздік сценарий» номинациясын жеңіп алды.

Аталған байқау Канн, Берлин, Венеция сынды «А» класты фестивальдермен тең дәрежелі, продюсерлік қауымдастықтың халықаралық одағында (FIAPF) тіркелген, Орта Азиядағы орасан зор кинофорум болып табылады.

«Қазақ елі» анимациялық фильмі халықаралық байқауда үздік атанды

Салтанатты шарада «Қазақ елі» анимациялық фильмінің режиссері, облыстық мәдениет басқармасының «Оңтүстікфильм» КММ-нің директоры, «САҚ» киностудиясының белгілі сценаристі, режиссер Батырхан Дәуренбековке кинофестивальге белсене қатысып, балалар киносының дамуына ықпал жасағаны үшін Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының арнайы жүлдесі мен алғыс хаты салтанатты түрде тапсырылды.

«Қазақ елі» анимациялық фильмі халықаралық байқауда үздік атанды

Фестивальдің бағдарламасында Қазақстан, Франция, Нидерланд, Қытай, Ауғанстан, Иран, Тунис, Перу, Үндістан, Мексика, Испания, Италия, Дания, Грузия және т.б. елдердің шығармашылық топтарының жұмыстары көрсетілді. Сонымен қатар, «Бес құрлық» балалар кинофестивалінің ашылу салтанатына «Оскар», «Алтын глобус» сынды кино өнеріндегі беделді сыйлықтардың иегері, америкалық актер, продюсер, кинорежиссер Николас Кейдж қатысты.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі