Жеңіс күні созақтық 6 соғыс ардагеріне автөкөлік табысталды

716

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында Жеңістің 73 жылдығына орай 6 майдангерге автокөлік табысталды. Жаңа нива автокөліктердің  кілтін Жеңіс күні мерекесіне арналған шарада аудан әкімі Салыхан Полатов салтанатты түрде тапсырды.
Аудан орталығы Шолаққорғанда өткен мереке жалпыхалықтық шерумен бастау алып, жиылған жұртшылық «Белгісіз сарбаз» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып соғыс сарбаздарының рухына тағзым етті.

Осыдан 73 жыл бұрын адамзат тарихында ең ауыр және қанды соғыстың соңғы оқтары атылды. Содан бері 1945 жылдың 9 мамыры жұртшылық жадында ерлік үлгісі, мұқалмас ерік жігер мен қажырлы еңбектің символына айналды. Осынау қанды қырғында, ауданнан 6 мыңдай азамат отанын қорғауға аттанса, олардың жартысынан көбі соғыс даласында қаза тауып, елге оралмады. Олар өз өмірлерін қия отырып, өзінен кейінгі мыңдаған, милиондаған  ұрпақтарының өмірлерін аман сақтап қалды.
Сұрапыл соғыс жылдары созақтық қаһарман жауынгерлер өздерінің бар ынта жігерлерінің арқасында Жеңіске жетуге өзіндік із қалдырды. Бүгінгі таңда солардан қалған көзі тірісі  6 соғыс ардагері ғана ортамызда.

Одан бөлек, уран өндіретін «Катко», «Инкай» компаниялары қаржылай сыйлықтар ұсынды.  Мереке күндері ауған соғысы, Чернобыль апатына қатысушылар мен тыл ардагерлеріне де аудандық бюджеттен қаржылай сыйлық табыс етілді.
Меркелік шара орталық ипподромда бәйге, көкпар, қыз қуу сынды ұлттық спорт түрлерімен жалғасты.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі