Қажылық маусымы ашылуына байланысты мешіттерде семинарлар өтуде

527

Бүгін облыстық орталық мешітінде «Қажылық – жауапты Һәм сауапты ғибадат» атты қажылық маусымының ашылуына орай облыстық семинар өтті. Облыс имамы Бақтыбай қажы Қыдырбайұлы қажылыққа ниет етуші азаматтарға діни ақпараттар беріп, қажылық ережелері мен тәртіптерін түсіндірді.

Айта кететін жәйт, биыл ҚМДБ ұйымдастыруымен Мекке Мәдине қалаларына Шымкент қаласына тікелей әуе рейстері қатынайды. Дін өкілдері қажылық өте сауапты маңызды сапар екендігін де атап өтіп , Пайғамбарымыз Мұхаммедтің айтқан сөздерін көпшілікке жеткізуді өтінді: «Кімде-кім Алла Тағала разылығы үшін қажылық жасап, жаман сөзден, жаман іс-қимылдан аулақ болса, анасынан жаңа туылған сәбидей күнәларынан тазарады».

Бақтыбай қажы Қыдырбайұлы, облыс имамы: » Қажылық өте сауапты Һәм маңызды сапар. Оған  кейбіреулер атүсті қарайтындар  да баршылық. Сондықтан  да бұл жайында Алла Тағала Құран Кәрімнің бірнеше сүрелерінде: «Қажылық және умраны Алла үшін толық орындаңдар. (Бақара сүресі 196 аят). Негізінде адам баласы үшін  алғаш құрылған үй-Меккедегі (Қағба). Ол бүкіл әлем үшін береке және тура жол. Онда ашық белгілер, Ибраһимның орны бар. Сондай-ақ кім оған кірсе аман болады. Оның жолына шамасы келген кісілер, Алла үшін Қағбаны зиярат ету – қажылық өтеу керек. Ал кім қарсы  келсе, Алла барлық әлемнен бай»,-деген (Әлі Имран,96-97). Қажылықты  Алла Тағала  нәсіп еткен  азаматтың барлық ойы,  пікірі  тазаруға бағытталуы тиіс.»

Анықтама алу үшін телефондар : 8/7252/45-33-38

ұялы телефон 8701-4027-999