Қиратылған мемориал тақта мектеп ауласына көшіріледі

713
Молда Мұса атындағы №5 мектептің алдында қорғасын зауытынан ҰОС аттанған жауынгерлердің есімі қашалып жазылады

Қаладағы Молда Мұса атындағы №5 мектеп ғимаратының алдында жаңа оқу жылында Қорғасын зауытынан Екінші дүниежүзілік соғысына аттанған батырлардың есімі қашалып жазылған мемориал тақтасы ашылады деп күтілуде.

Қазір мұнда жұмыс жүріп жатыр. Осылайша, майданда ерлік көрсеткен батырлардың есімін ұлықтау қолға алынды. Естеріңізге сала кетейік, Ұлы Жеңістің 73 жылдығы мерекесі қарсаңында қорғасын зауыты алдындағы ескерткіштің күл талқаны шыққаны белгілі болған.

Сол кезде №5-ші мектептің ұжымы жауынгерлердің есімі бар мемориалды сақтап қалуға атсалысты. Тәрбиелік мәні терең ескерткішті қалпына келтіруде Абай аудандық ардагерлер кеңесі, қалалық және аудандық әкімдіктер белсенділік танытуда.