157 миллион теңге игерілмей қалған

333

4 аудан әкімі мен бірнеше бөлім басшылары қалалық мәслихат депутаттарының алдында есеп берді. Атақарған жұмыстарын тізіп келген шенеуніктер неден сүрінді? Халық қалаулыларының көңілінен шықпаған қандай мәселе?

102 млрд7 теңге. Бұл өткен жылы жаратылған бюджет қаражаты. Десе де, барлығын игеру мүмкін болмапты, айтуларынша, 157 млн. теңге игерілмей қалған. Себебі халық қалаулыларын қатты алаңдатты.

Кенжебек Жанбосынов, «Білім бөліміне робототехникаға бөлінген қаражатқа мемлекеттік сатып алу конкурсы кеш өтіп, жыл соңына дейін мердігер техниканы жеткізе алмады. Бұдан бөлек 33 мердігердің үстінен сотқа арыз беріліп, олар да тиісті ақшаларын жұмсай алмады».

Депутаттар есеп беруге келген аудан әкімдерінен халықты ауыз су, көгілдір отынмен қамту мәселелерін сұрады. Ал қоғамдық көліктің сапасын жақсартып, тасымалдың мәнін сұрағанда «тек ұсыныс береміз» деп құтылғылары келді. Жауапқа қанағаттанбаған депутаттар мұнысын халыққа жан ашымағандық деп түйді.

Мәслихат депутаттары өздері сайланған округтарының тұрғындары айтқан шағымдардың шешілу жолдарын қарастыруға тапсырма берді. Әсіресе, қалалықтарды жиі өртенетін қоқыс полигоны мазалайды. Ескі полигонды жапқанымен жаңасы талапқа сай келмейтіні айтылды. Мұны арнайы тексеру тобын құрып, қолға алу керек деп тарқасты.

Нұрлан Күдерұлы