АҚШ азаматтарына құжат рәсімдегені үшін полицейге алғысын білдірді

373

Ағымдағы жылдың 18 маусымы күні ОҚО ІІД –нің Баспасөз қызметіне Шымкент қаласының тұрғыны азаматша Переа Юлия Владимировнадан алғыс хат келіп түсті. Ол өзінің балалары, яғни АҚШ азаматтарына қажетті құжаттарды рәсімдеу үшін ОҚО ІІД Шымкент ҚІІБ Абай ПБ–нің Көші – қон полиция қызметіне жүгінген.

Азаматтарға қызмет көрсетіп отырған полиция капитаны Сәкенов Бақыт Серікұлы жұмыс барысында өзінің кәсібилігімен қоса қарапайымдылығымен көзге түскен. Ол қызметіне жүгінушілерге жұмсақ мәміле жасап, барынша ауқымды түсіндірме жұмысын жүргізіп, тиянақты және сапалы қызмет көрсеткен.

Ю.В.Переаның сөзінше, ол АҚШ және Қазақстан Республикасында тұрғандықтан, екі жақтың халыққа қызмет көрсету әдебі мүлде бөлек екенін айтты. Сондықтан Көші–қон полиция қызметінің инспекторы полиция капитаны Сәкенов Бақыт Серікұлына шын ықыласымен ризашылығын білдірді.