ОҚО полицейлері Балаларды қорғау күніне орай спорттық іс-шара ұйымдастырды

687

Шымкент қ. 2018 жылғы 1 маусымда «Динамо» алаңында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған полиция қызметкерлері мен облыстық балалар үйі орталығының балаларына Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД ұйымдастырған спорттық іс-шара өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді спортпен шұғылдануға тарту, салауатты өмір салты мен дене шынықтырумен айналысуға үгіттеу, кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу және ересектердің бала құқығын қорғауға көңіл аударту болып отыр.

ОҚО ІІД полицейлері балаларға ән және биі бар көңілді спорттық эстафеталық конкурстар, дзюдо, қолмен күрес спорттық секцияның қатысушылары көрнекі өнер көрсетіп, сондай-ақ сыйлық пен жүлделермен марапаттап, ойын-сауық бағдарламасын әзірледі. Көрермендер алдында авиамодель үйірмесінің қатысушылары ұшақтың моделін басқару шеберлігін көрсетті.

«Көңілді бастамалар» конкурсында балалар жаз бойына жағымды эмоциялар мен спорттық қуат алатын қаппен секіру, секіргішпен жүгіру және т.б., спорттық эстафеталармен жарысты. Сонымен қатар іс-шара қатысушылары арасында Балаларды қорғау күніне арналған ең күшті «асфальттағы сурет» конкурсы өтті.

Мерекелік іс-шараның соңында ұйымдастырушылар балаларға спорттық жабдықтар мен ойыншықтар сыйлады. Ал, ОҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері балаларға жүздеген жейде мен бас киім тарту етіп, сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттау барысында «Наркопост» журналын таратты.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы