Шымкент қаласы әкімдігі аппаратының басшысы тағайындалды

897
shymkent.gov.kz

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімдігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды, – деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Қала әкімі осы лауазымға тағайындалған Али Алтай Сембекұлының жұмысына сәттілік тілеп, жаңа міндеттер жүктеді.

Алтай Сембекұлы 1985 жылы 3 мамырда Жамбыл облысы Жаңатас ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары, экономика ғылымының бакалавры. Мемлекеттік тілмен қатар орыс, түрік, ағылшын тілдерін жетік меңгерген.

Еңбек жолын 2005 жылы Қазақ-Австрия бірлескен «Рахат» АҚ «Рахат Палас Отель » кәсіпорны байланыс орталығының қызметкерлігінен бастаған. 2010-2011 жылдар аралығында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ субсидиялау департаментінің менеджері болып жұмыс істеді.

29.09.2014 – 13.01.2015 жылдар аралығында Астана қалалық сотының бас маманы, 14.01.2015 – 27.12.2015 жылдар аралығында ҚР Премьер-Министрінің сыртқы байланыстар басқармасының және хаттама бөлімінің сарапшысы, кейін ҚР Премьер-Министрі хатшылығының бас сарапшысы лауазымы қызметтерін атқарды.

30.12.2016 жылдан бүгінгі таңға дейін ҚР Премьер-Министрі өңірлік даму бөлімінің бас кеңесшісі қызметін атқарды.