Қазавиақұтқару тікұшағы Қырғызстандағы туристерге көмекке аттанды

352
inform.kz

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Казавиаспас тікұшағымен туристерге көмекке аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«6.58-де Республикалық жедел- құтқару жасағының құтқарушылары Қырғызстан Республикасына Қазавиақұтқару тікұшағымен Скрябин мұздығы ауданына ұшып кетті. Алдын ала ақпарат бойынша, мұнда кеше теңіз деңгейінен 4100 метр биіктікте туристер тасқұламаға тап болған. 9 адамнан, соның ішінде екі кинологиялық  топтан құралған жедел топ Алматыдан МИ-171и тікұшағымен ұшып кетті», – делінген хабарламада.

Еске салайық, 30 шілдеде Қырғызстан аумағында Бішкек қаласынан 40 шақырым қашықтықта Скрябин мұздығы ауданында бір топ туристер тасқұламаға тап болған еді. Зардап шегушілердің арасында төрт Қазақстан азаматы бар. ҚР Сыртқы істер министрлігі Қырғызстандағы тасқұлама кезінде қазақстандықтың мерт болғанын растады.