Ұялы телефон арқылы сот отырысына қашықтықтан қатысуға болады

440

Түркістан облысының соттарында электронды түрде сот істерін қарау бір ізді жолға қойылған. Түркістан облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мен Мемлекеттік кірістер департаменті арасында арнайы келісімге қол қойылған. Бұл келісімнің нәтижесінде іске қатысушы тұлғалардың уақыты мен қаражаты үнемделеді.

Сонымен бірге істерді қарау мерзімдерін жеделдету мақсатында заңды тұлғаларды мәжбүрлі түрде таратуға қатысты азаматтық істерді қарауды «Электронды түрде» жүзеге асырып, онлайн тәртібінде жүргізу қолға алынған. Яғни, тараптар ұялы телефонымен бейнебайланыс арқылы сот отырысына қашықтан қатыса алады.

 Бұл бастама оң нәтиже беріп, қазіргі таңда облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 30-дан астам азаматтық істі онлайн режимде қараған. Тараптардың өкілдері үнемделген уақыттары үшін ризашылығын білдіруде.

Жанар Есенбекова