Әл Фараби көшесі уақытша жабылады

652

Шымкенттегі Әл Фараби алаңында мерекелік іс-шаралар өтіуіне байланысты Әл Фараби алаңына Бейбітшілік және Асқаров көшелерінен келетін жолдар 2 шілде күнгі сағат 10:00-ден 3 шілде күнгі сағат 24:00-ге дейін жабық болады.

Бұған қоса Әл Фараби алаңы арқылы жүретін қозғалыс 4 шілде күні сағат 18:00-ден 24:00-ге дейін жабық болады. Алаңда жоғарғы оқу орындарының түлектеріне диплом табыстаудың салтанатты рәсімі өтеді.