Шымкент әкімі Әл-Фараби ауданын аралады

228

Күні кеше Әл-Фараби ауданы әкімінің жұмысын сынға алған Мұрат Әйтенов бүгін аталмыш ауданды аралап шықты. Алдымен дендросаябақ маңындағы балалар темір жол станциясына барған қала әкімі нысанды халық игілігіне беру керектігін айтты. Осыдан кейін Текесу тұрғын алабына барған қала басшылары тұрғындармен де кездесті.

«Сәуле» шағынауданына да ат басын бұрған жауаптылар мұндағы қордалаған мәселелерге де қанық болды. Айта кетейік, аталмыш аудан әлі күнге дейін сапалы ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Жауаптылар сөзінше қазір аумақта 350 метрге жуық су құбырының қазба жұмыстары басталған.

Назерке Үкібасова