15 мың АҚШ долларын талап еткен күдіктілер ұсталды

343

2017 жылдың 27 желтоқсаны күні Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ-не орта жастағы жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз төрт азаматтың өзіне күш қолданып, қорқытып 15 мың АҚШ долларын талап еткенін хабарлаған.

Аталған жайт Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ-нің СДТБТ-не ҚР ҚК-нің «қорқытып алу» бабымен тіркелді, деп хабарлайды Облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

Бұл дерек бойынша Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ қызметкерлерімен жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде Шымкент қаласының 30-40 жас аралығындағы төрт тұрғыны анықталып, ұсталды.

Тергеп-тексеру жұмыстары барысында, күдіктілердің оңай жолмен ақша табуды көздегені анықталды. Осы мақсатта олар жәбірленушіні ешқандай қарызы болмаса да, қала сыртына алып барып, ұрып-соққан, 15 мың АҚШ долларын талап етіп, оны бір күннің ішінде жеткізуін бұйырған. Тергеу кезінде күдіктілер жасаған қылмысын толық мойындады.

Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.