Корея азаматы тергеушілерді алдамақ болды

305
Корея азаматы тергеушілерді алдамақ болды

Мақтааралда заңсыз ойын автоматтары тәркіленді. Ойын бизнесінің иесі жауаптан жалтармақ болған.

Осы заңсыздыққа кінәлі Дмитрий Ким есімді 30 жастағы азаматтың заңсыз ісі әшкере болғанда, ол мемлекеттік кірістер департаментінің мамандарын алдап соқпақ болыпты. Куәгерлер сұралып, бар кінәсі дәлелденгенде кәріс азаматы қулыққа басып, айласын асыруға көшкен.

Корея азаматы тергеушілерді алдамақ болды

Қажетті құжаттарды толтырарда арнайы сияны пайдаланған. Тек іс сотқа өтерде құжатта қойылған қол жоқ болып шығады. Дегенмен, мұны мамандар байқап, күдіктінің арам ойы іске асқан жоқ.