Газ беру уақытша тоқтатылады

383
shymkent.gov.kz

Шымкент қаласының бірқатар аумағында табиғи газ беру уақытша тоқтатылады. Газ құбырларын жылыту маусымына дайындау мақсатында Шымкент қаласының кейбір көшелерінде газ берілу уақытша тоқтатылады.

Нақты айтқанда 2-4 шілде күндері Шымкент қ. №1 ШНОС айналма жолындағы ГТП-126 жүйесіне қосылған абоненттерде, яғни, Жастар, Қапал батыр, Панфилов, Р. Павлан, Б.Рамиз, Төлеметов, Тойшы ата, Амур аға, Құрбан ата, Гагарин, Алмалы, Ақниет, Игілік көшелері, Гагарин және Теміржол өткелдеріндегі абоненттерде табиғи газ беру уақытша өшіріледі.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ОҚОФ келтірілген қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрайды.