Планшет ұрлаған күдікті құрықталды

259

2018 жылдың 22 шілдесінде Шымкент қ. ІІБ Қаратау ПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған, онда белгісіз тұлға үйіне кіріп, жатын бөлмесінен құны 70.000 теңгелік «SAMSUNG» маркалы планшетін қолды кеткенін көрсеткен, деп хабарлайды Түркістан облыстық Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК –нің «ұрлық» бабымен тіркелді. Шымкент қ. ІІБ Қаратау ПБ-нің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының барысында «ізін суытпай» Жамбыл облысының тұрғынын анықтап ұстады.

Қазіргі таңда ұрлық жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің басқа да ұрлықтың 7 жайтына қатыстылығын анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 300 мың теңгеден астам болып отыр.

Түркістан облысының полицейлері ұрлық жайтының құрбаны болмас үшін қауіпсіздік шараларын сақтап, ерекше сақ болуды ескертеді. Тұрғын үйлеріңіздің әйнек-есіктерін ашық қалдырмаңыз, бейтаныс адамдарды үйге кіргізе бермеңіз. Мүмкіншілік болып жатса, үйге күзет дабыл жүйесі, «дабыл нүктесін» және домофон орнатыңыз. Ақша мен бағалы заттарды бөтен адамның көзі түспейтін сенімді жерде сақтаңыз.