Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды. Мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес бұл лауазымға Еркеғали Амантайұлы Әлімқұлов тағайындалды.
Еркеғали Амантайұлы 1981 жылы туған. Үш жоғарғы оқу орнын тәмамдаған: 2002 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ді «Кеден ісі» мамандығы бойынша, 2005 жылы М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-ді заңгер мамандығы бойынша, ал 2007 жылы Алматы экономикалық университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдады.
Еркеғали Әлімқұлов еңбек жолын 2003 жылы ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің жетекші маманы болып басталған. ҚР Индустрия және сауда министрлігінде түрлі лауазымда жұмыс жасаған. Сондай-ақ, агенттікте төраға орынбасары, кейіннен кеңесші қызметтерін атқарған.
2016 жылдан 2017 жылдың ақпанына дейін ОҚО әкімі аппаратының басшысы болған. 2017 жылдан бүгінгі таңға дейін ҚР Парламент Мәжілісінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарған.