Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі тағайындалды

948
shymkent.gov.kz

Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі тағайындалды. Қалалық мәслихатының кезектен тыс 33-сессиясында депутаттар Бұхарбай Пармановтың Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі лауазымына кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Бұхарбай Рысқұлұлы 1962 жылы дүниеге келген, білімі – жоғары. Еңбек жолы 1980 жылы Ленин ауданы Әлішер Навои колхозының колхозшысы болудан басталған. Мемлекеттік қызметті 1986 жылы Кентау қалалық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер инспекциясының экономисті болудан басталды.

1987-1988 жж Ленин аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер экономисті, 1988-1989 жж Ленин аудандық қаржы бөлімінің аға салық ревизоры-инспекторы, 1989-1990 жж. Ленин аудандық қаржы бөлімінің бас салық ревизоры-инспекторы қызметтерін атқарды.

1994-2002 жж аралығында Салық және қаржы полициясы органында қызмет атқарған. 2007-2014 жж ОҚО Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары, 2014-2016 жж Сарыағаш ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

2016 жылдың 12 тамызынан бүгінге дейін Төлеби ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.