Халықаралық би байқауы басталды

658

Түркия Республикасының Бурса қаласында 32-ші Халықаралық «Алтын Қаракөз» фольклорлық би байқауы басталды. Шымылдығы түрілген Халықаралық «Алтын Қаракөз» фольклорлық би байқауына еліміздің атынан оңтүстікқазақстандық «Фараб» би ансамблі қатысуда. Жетекшісі-Шалқарова Әлия Богданқызы.

Байқауды Бурса қаласының әкімі Алинур Акташ құттықтау сөзбен салтанатты түрде ашып берді. Өнер додасына Қазақстан Республикасымен қатар, Әзірбайжан, Чили, Косово, Черногория, Грузия, Беларусь, Аргентина, Албания, Македония, Қырғызстан, Филиппин, Қытай, Босния және Герцеговина, Кипр, Молдова, Башқұртстан, Үндістан, Румыния, Татарстан және Болгария сынды 23 мемлекеттен би ұжымдары қатысып, өз өнерлерін ортаға салуда.

Құрылғанына аз ғана жыл болса да өз биіктерін бағындырып, үздіктер қатарынан көрініп жүрген «Фараб» би ансамблі биіктен көрінеді деген сенім бар.

М.Сабыр