Құрбандыққа шалынған мал еті мұқтаждарға таратылады

601

Құрбан айт – кешірім мен мейірімнің, қанағат пен қайырымдылықтың мерекесі. 21 мен 23 тамыз аралығында өтетін шараға шымкенттіктер дайындығын бастап кетті. Мүмкіндігі бар азаматтар Құрбандыққа мал сойып етін мұқтаж жандармен бөлісуге ниеттенуде.

Шымкент қаласының тұрғыны Мақұлбек қажы Медеубеков құрбандыққа  малды  М. Дулати көшесінің бойындағы үйлердің бірінен таңдап алды.

Мақұлбек қажы Медеубеков

Мақұлбек қажы Медеубеков: «Алдымызда қасиетті құрбан айт келе жатыр. Құрбандыққа мал шалуға малды таңдауға келдім. Мұнда тірілей де, сойып та алып кетуге болады. Тұрғындарға  барлық жағдайды жасап қойған, рахмет. Ал құрбандыққа мал  сою міндетті ме деген сауалға  айтарым.  Хадисте: «Құрбандық шалған біздерден емес»  деп жазылған екен. Мүмкіндігі  болып тұрып құрбандыққа мал соймаған дұрыс емес. Ол парыз. Барлығына емес, егерде мүмкіндігіңіз болмаса ол міндет емес. Таңдау өзіңізде.  Тамыздың 21- не Айт намазынан кейін келіп  малды алып, құрбандық шаламыз».

Қасиетті Құрбан айт мерекесі күндері жамағат жаппай құрбандық шалады. Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның  ішкі ниеті, шын пейілі дінге бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. Сондай-ақ, пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналады.

Мал бордақылаумен айналысатын жеке кәсіпкер Сейдулла  Гультураев  «қойды мал базарынан сатып аламыз.

Сейдулла Гүльтураев

Құрбан айттың алдында адамдар келіп, қалағанын сатып алуда,  малдың бағасын  базардағы еттің бағасымен теңесітіріп шығарамыз. Қазір  қойдың еті 1350 теңге болса соны , таңдаған малыңыздың келісіне көбейтесіз. 20 мыңнан жоғары. Базарларда қой етінің бір келісі 1350 теңгеден сатылып жатыр. Жеке кәсіпкерлер малдың құнын да осыған туралап сатуда», – дейді.

Малдардың бағасында айтарлықтай өзгеріс жоқтығы көпшілікті қуантуда. Құрбан айтта қараусыз қалған қарттарға қайырымдылық жасап, қамкөңіл жандарға сыйлық берудің сауабы мол. Алла Тағала шалған құрбандықтарыңыз бен игі амалдарыңызды қабыл еткей.

Шынар Оразова