Аудан әкімдігінің мамандары аулаларды тексеріп жүр

307

Әл Фараби ауданының мамандары тазалықты тексеріп жүр. Бүгін қаланың қақ ортасындағы аулаларда атқарылған тіріліктерімен таныстырды. Айта өтейік, ауданның басым бөлігі орталықта орналасқан. Сондықтан да мұнтаздай тазалық пен мұздай тәртіпті орнату басты міндеттері. Әкімдік мамандарының айтуынша, биыл 130 – дан аса аула «Таза қала» акциясына қатысуға ниет білдіріпті.

Аудан мамандары қысқа дайындықты да пысықтады. Биыл көпқабатты үйлерді қысқа дайындаумен 4 мекеме айналысып жатқанын жеткізді. 600 – ден астам үйдің 30 пайызына сығымдау жұмыстары жүргізіліп үлгерген. Бұл көрсеткіш қазан айына дейін 100 пайызға жеткізіледі деп сендірді.

Нұрлан Күдерұлы