Шымкентте жол апатынан келіншек пен омыраудағы баласы көз жұмды

543

Бүгін таңғы сағат 7-лер шамасында Шымкентте жантүршігерлік жол апаты болды. Т.Рысқұлов пен Адырбеков көшелерінің қиылысында үш көлік соқтығысты.

Куәгерлердің сөзінен белгілі болғандай, «Джентра «автокөлігінің жүргізушісі «Еуразия» базарына қарай бұрылған. Дәл сол сәтте оған Гиперхаус жақтан келе жатқан «Мерседес» көлігі келіп соғылған. «Джентра»  қатты соққының салдарынан шетке ұшып кетіп, жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан балалы әйелді соққан. Оқиға салдарынан келіншек пен омыраудағы баласы көз жұмды. Джентра екпінімен тоқтай алмай бірнеше метр жердегі «Опельге» соғылған. Оның жолаушылары көліктен шығып кеткен, салондағы жүргізушісі қатты соқыдан естен танып қалды. «Джентра» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Ал басқа зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.

Оқиға салдарынан көлік кептелісі орын алды. Апатқа ұшыраған көліктерді эвакуатормен айыптұрағына алып кетті. Көшедегі көлік қирандыларын «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің жұмысшылары тазалауда.