Шымкентте жыл соңына дейін 21 тұрғын үй «ақылды» жүйемен басқарылатын болады

385

Шымкентте жыл соңына дейін 21 тұрғын үй «ақылды» жүйемен басқарылатын болады. Бұл тетіктің баспаналарды күтіп ұстауға ғана емес, тұрғындардың коммуналдық төлемдерге төлейтін шығындарын азайтуға да септігі мол.

Үй басқарушылары мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің өкілдері бүгін Шымкентте өткен семинарда жаңа технологияның қыр-сырына қанықты. Автоматтандырылған торапқа алдымен коммуналдық үйлер қосылады. Оған кеткен бар шығын қала бюджетінен қаралады.

Әбдімәлік Балбаұлы, «Шымкент тұрғын үй қызметі» ЖШС директоры: «Автоматтандырылған диспетчерлік тарап жүйесінің іске қосылғанына елімізде бірер жылдан асып барады. Тиімділігін көрсетті. Барлық коммуналдық төлемдердің есебі орталық жүйеде тіркеліп отырады. Бұл тұрғындарға үнемдеуге де мүмкіндік береді».

Мақпал Рысбаева