Түнгі түлкі әкелінді

436
Фото Шымкент зообақ

Шымкент зообағына көбіне түнгі мезгілде жүретін екі дана түлкі әкелінді, деп хабарлайды Шымкент зообағының баспасөз қызметі. Сахара шөлінде және Солтүстік Африканың басқа да аймақтарында кездесетін құлақты түлкі немесе шөл түлкісі – әлемдегі ең кішкентай түлкі болып саналады.

Оның үлкен құлақтары болады. Құлақтары ыстықты өзіне сіңіріп, ыстық ортада түлкінің денесінің салқын болуын қамтамасыз етеді, құлағы терморегулятор ретінде қызмет етеді және кез-келген қозғалысты және дыбысты жақсы естиді.

Ол сусыз ұзақ уақыт жүре алады. Мысықпен салыстырғанда бұл жануар салмағы аз. Жануардың салмағы 1,5 келіге, ал ұзындығы 40 сантиметрге дейін жетеді.