Бүгін Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың төрағалығымен аппарат мәжілісі болып өтті. Жиында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Б.Төребеков ауданда өткізілетін тамыз конференциясын ұйымдастырудың барысы туралы баяндады.
Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұлова Мақтаарал ауданының жаңадан құрылуына орай салтанатты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, аудан орталғы Мырзакент кентінде мерекелік концерт өтетінін хабарлады.
«Мақтаарал ауданының жаңадан құрылуы – қара шаңырағымыз саналатын Мырзакент кентінің тұрғындарын зор қуанышқа бөлеп отыр. Сондықтан, аудан тұрғындарының қуанышына орай мерекелік концерт өткізуді жоспарлап отырмыз және бұл жаңа ауданның ең бірінші мәдени іс-шарасы болмақ» — деді А.Ешанқұлова.
Айта кетейік, жаңа ауданда өтетін көлемді іс-шаралардың қатары бұл ғана емес. Облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлының бастамасымен және Мақтаарал, Жетісай аудандарының ұйымдастыруымен тамыз айының 24-не «Қауын» фестивалі өткелі отыр. Облыстық деңгейдегі іс-шара Мақтаарал ауданының бұрынғы орталығы Жетісай қаласының орталық саябағында болады деп жоспарлануда, деп хабарлайды Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.