Úı ANONS Шымкентте 21 наурыз күні мерекелік концерт өтеді

Шымкентте 21 наурыз күні мерекелік концерт өтеді

фото ШӨКҚ
21 наурыз күні «Астана» алаңында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай мерекелік концерт ұйымдастырылады. Сағат 11:00-де басталатын күндізгі бағдарлама барысында жергілікті өнерпаздармен қатар елімізге танымал эстрада жұлдыздары — «Азия» тобы, Жұбаныш Жексенұлы, Шаба Әденқұлова және Айдана Меденова өнер көрсетеді.
Кешкі сағат 19:00-де өтетін гала-концертте сахнаға жергілікті өнер ұжымдарымен бірге арнайы шақырылған хедлайнерлер — TURAR және Kalifarniya өнер көрсетеді.
Мерекелік концерттің қорытындысы ретінде көрермендерге жарқын отшашу ұсынылады!