Шымкент қаласы, Абай аудандық сотында терроризмге үндеген жазбалары үшін айыпталған азаматтың соты басталды.
29 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны әлеуметтік желіге «Мүслім Мүслімов» деген лақап атпен тіркеліп ап, әлгі өзінің парақшасына 2014 жылдан бері әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни алауыздық туғызатын жазбаларды жариялап келген. Және желіде Бағдат Ділмұрат абу Мұхаммадттың ұлтараздық дүрдараздыққа шақыратын «аудио» және бейне посттарымен де емін-еркін бөлісіп отырған.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тағайындалған психологиялық және филологиялық арнайы сараптамалар сотталушының кінәсін дәлелдеп отыр. Қоғамға келтірер қаупін біле отырып, саналы түрде жазбаларды таратқаны да анықталыпты. Айыпталушыға ҚР ҚК нің 174 бабы 1-ші бөлігімен, яғни телекоммуникация желілері арқылы діни дүрдараздықты насихаттағаны үшін айып тағылды.
Ал асырауында кәмелетке толмаған балалары бар сотталушы бұрын соңды сотты болмаған екен.
Жанар Есенбекова