Мектептерде жемқорлыққа жол берілмейді

511

Мектептерде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ. Қандай себеппен болсын ақша жинауға болмайды! Орта арнаулы білім орындарында биылғы оқу жылында қамқоршылық ұйымдарының жұмысы жандана бастады.

Қамқоршылық кеңестерінің жұмыстарын заңдастырып, қоғамға барынша ашық болуын қамтамасыз ету керек. Бұл туралы бүгін білім мекемелерінің басшылары бас қосқан жиында айтылды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің төрағасы О.Бектеновтың төрағалығымен бейнеконференция өткен болатын. Білім және ғылым вице министрі атсалысқан бейнебайланысқа еліміздің барлық өңіріндегі мектеп директорлары мен білім басқармаларының басшылары қатысты.

 

 

Бүгінгі ұрпақ-ертеңгі ел болашағын қанаттандырар білім ұясы мен сыбайлас жемқорлық қабыспайтын ұғым болуы тиіс! Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің бастамасымен өткізілген бейнеконференцияда осы тұсқа баса назар аударылды. Алайда, соңғы жылдары, бұл мәселе қанша көтерілсе де, дерт тереңдеп барады. Сондықтан, әр өңірден жиналған тәжірибелі мамандар өзара ой бөлісіп, ұсыныс тастаса деген ниетпен жиын өткізуді шештік,- дейді ұйымдастырушылар

Мектепте үйірме мен қосымша сабаққа ақылы түрде я мәжбүрлі қатыстыруға, іс шараларға ақша жинауға тыйым салынған. Ата –  аналар комитетінің де ақша жинауға құқығы жоқ. Биыл жұмысы жанданған әр мектептегі қамқоршылық кеңесінің қызметі ресми заңдастырылуы қажет. Олардың өз есеп-шоты болуы керек. Бұл қоғамдық ұйымның жұмыстары туралы әлі түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Шымкентте 134 мектеп болса, басым бөлігінің басшысы бүгінгі бейнеконференцияға қатысып, құзырлылардың сөзіне қанықты. Алдағы уақытта мектеп пен мұғалімге деген елдің құрметін арттырып, білім сапасын көтеруде жиында айтылған әрбір пікір маңызды. Мектеп басшылары осылай дейді.

«Цифрлық Қазақстан». Осы жоба аясында келешекте бүкіл білім жүйесі де электронды форматта жұмыс істемек. Сөйтіп сыбайластықтың түп тамырына балта шабуға бұл да бір батыл қадам болады деп сенеді ұйымдастырушылар.

Жанар Есенбекова