Қазығұртта 3 көлік соқтығысып, екеуі аударылып қалды

317
Фото inform.kz

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында үш көлік соқтығы,ысып, салдарынан екі көлік аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Куәгерлердің айтуынша, жол көлік оқиғасы Алтын төбе ауылының маңында болған. Шымкент жақтан келе жатқан «Ауди» көлігі бұрылмақ болғанда, соңынан келе жатқан «Ниссан» көлігі соқтығысып қалған. Жол апатынан шетте тұрған ВАЗ 21014 көлігі де аударылып кеткен.

Оқиғадан 1953 ж.т, 1981 ж.т, 1988 ж.т және 1990 ж.т жолаушылар зардап шегіп, аурухана жеткізілді. Қазіргі таңда Облыстық ІІД анықтаушылары жол көлік оқиғасының себеп-салдарын тексеріп жатыр.