90 жылдық тойда көкпар жарысына аудан кәсіпкерлері 2 жеңіл автокөлік сыйлады

494

Созақ ауданының 90 жылдығына орай ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. Жыл басынан басталған 90 жылдық тойдың қорытынды мерекелік кеші 11-12 қазаннан бастап мерекені тойлап жатыр. Айтулы мерекеге орай аудан әкімдігі орталық ипподромда көкпар, қыз қуу, бәйге сынды спорт жарыстары өткізілді.

Тай бәйге, құман бәйге, аламан бәйге жарыстарына аудан кәсіпкерлері мен облыс мәслихатының депутаты Тұрысбеков Мағауия демеушілік жасады. Сондай-ақ, аудан тұмасы Сібірбаев Бағлан «Рriora» автокөлігін сыйға тартты.

Аламан бәйге қорытындысы бойынша Алматы облысынан келген Үмбетов Ғабит 1-орынды жеңіп алды. 2-орын 500 мың ақшалай сыйлықты Теңізбаев Тоқан қанжығасына байлады. Сондай-ақ, Дәуренбаев Сұлтанның «Ғажап» шаруа қожалығы 3-орын 200 мыңмен Жамбыл облысынан келген Құрманғалиев Төреби 4 – орын 100 мың теңге иеленсе, 5- орынды «Досаевтар» әулеті қанағат тұтып 50 мың иемденді.

Құнан бәйге нәтижесінде: 5-орын «Досаевтар» әулеті – 50 мың. 4-орын Жүзжігітов Жұман – 100 мың. 3-орын Рахтаев Руслан – Жамбыл облысынан – 100 мың 2-орын Нәбиқұлов Жаңабай – 150 мың 1-орын Олжабаев Асқар, Тараз қаласы – 250 мың

Тай жарысы бойынша: 5-орын Өтегенов Бейбітжан – 30 мың 4-орын Айтпан Айсұлтан – 50 мың 3-орын Әкен Нұрбол – 80 мың 2-орын Олжабаев Асқар – 100 мың 1-орын «Дәуренбаев Сұлтан алды.

Сонымен қатар, Г.Асқаров атындағы Ккөзайым» жүлдесімен «Ғажап» шаруа қожалығының төрағасы Дәуренбаев Сұлтан марапатталып, жылқы олжалады.

Ниязәліұлы Мерей, Созақ аудандық спорт бөлімі басшысы: «Бүгін Созақ ауданының 90 жылдығына орай спорт байқаулары өтуде. Биыл автокөліктер мен ақшалай сыйлық тағайындалды. Аудан басшылары мен жеке кәсіпкерлері демеушілік жасады. Бұл бәйгенің ерекшелігі жылдағы жарыстарға қарағанда жүлде қоры жоғарылап, биыл басқа облыстан келген кұрама саны едәуір артты. Спортқа қолдау көрсеткен аудан басшылары мен кәсіпкерлерге алғыс айтамыз»- дейді.