Астана-Сарыағаш пойыз жолаушылары вагон ішіндегі жәндіктерге шағымданды

297
tengrinews.kz

Астана- Сарыағаш № 85/86 пойыз жолаушылары вагон ішінде пайда болған жәндіктерді видеоға түсіріп алған. «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы (АҚ) жәндіктердің неден пайда болуы мүмкін екенін түсіндірді, – деп хабарлайды тілшісі Tengrinews.kz.

Видео авторының сөзінше, оқиға 18 қазанда Астана- Сарыағаш № 85/86 пойызында болған.

«Шағым Сарыағашқа қарай беттеген кезде түскен. Біздің болжауымызша жәндіктер жүкпен бірге келген. Оған дәлел ретінде әр вагон мұқият тексерістен өтетінін айта аламын. Бұл шағымнан кейін вагон тексерістен өтіп, тазаланды. Сарыағаш бекетінің айналым пунктіне келгенде тазалағыш құралдарымен пойыз бригадасы осы бөлімнің бөлігін тазарту шараларын жүргізіп, вагон ішін егжей-тегжейлі тексеріп, тазалап, пойыздың барлық жерін тексерістен өткізіп шықты. Ешкім шағымданған жоқ. Қайтар жолда да ешқандай шағым болған жоқ. Сонымен қатар, бүгін (21 қазанда) вагонды тіркеуде ағыту жоспарланған болатын, ал сағат бірге таман пойызды тексеру шарасы қолданылды – бұл дезинфекция мен дезинсекцияны кепілдендіретін санитария әдісі», – деп түсіндірді «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Сондай-ақ, пойыз ішінде тұрақты дезинсекция мен дезинфекция жүргізіліп тұратыны хабарланды.