Автокөлікке абай болмасаңыз…

295
Фото Tengrinews

Жетісай АІІБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған, ағымдағы жылдың қыркүйек айында белгісіз тұлғалар оның жоқтығын пайдаланып, автокөліктің ішінен автомагнитола, құжаттар және басқа да бағалы заттарды ұрлап кеткенін көрсеткен. Аталған жайт «ұрлық» бабымен СДТБТ-не тіркелді.

Жетісай АІІБ-ның полицейлерімен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде арада екі апта өткенде жергілікті жердің үш тұрғынын анықтап ұстады. Күдіктілерден айғақты заттар тәркіленіп алынды.

Қазіргі таңда автокөліктен жасалған ұрлық жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлермен ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Түркістан облысы ІІД Баспасөз қызметі