Банктерге ақшасын сеніп тапсырған салымшы ең көп сыйақыға ие болады

319

Банктерге ақшасын сеніп тапсырған салымшы мерзім бойы ақшасын жинақтау депозитінен алмаса, ол ең жоғары табыс алып қана қоймай, сонымен бірге ең үлкен қорғау -15 млн. теңгеге ие болады. Осы және несие нарығы мен алтынвалюта резервтері жайлы ҚР Ұлттық банкі ОҚ филиалының директоры баяндап берді.

Ұлттық банктің өңіріміздегі филиалы жылдың басынан ақша-кредит саясаты бойынша қаржы нарығындағы және банк секторындағы жағдай жөнінде ақпарат берді. Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметі бойынша Қазақстандағы инфляция ағымдағы жылдың қайтар-тамыз аралығында 2,9 пайызды құраған. Түркістан облысында инфляция 2,6 пайыз, Шымкент қаласында 2,8 пайызды құраған.

Соңғы екі айда валюталық нарықтағы жағдай өзгерді. Теңгенің айырбас бағамы жыл басынан 8,3 пайызға әлсіреп, 1 АҚШ долларына 359,70 теңгені құрады. Теңгенің әлсіреуі, ең алдымен, сыртқы факторлардан болды. Біріншіден, АҚШ ФРХ мөлшерлерінің жоғарылауы, екінші фактор, бұл Ресейге қарсы санкциялардың келешекте қатайтылатыны жариялануы.

Филиалмен Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша жұмыс істейтін 246 ақша айырбастау орындарының қызметіне мониторинг жүргізілуде. Осы кезеңде АҚШ долларын сату көлемі азайып, еуро мен рубльді сату ұлғайған. Ағымдағы жылдың 8 айында жаңа кредиттер беру 1,9 трлн. теңгеге өскен. Теңгелік кредиттер бойынша мөлшерлеме кәсіпорындарға жыл басындағы 13,2 пайыздан тамыздағы 12,2 пайызға төмендеген. Нарықтағы жағдайды саралаған салымшылар болса, депозиттерден ақшасын алып пайыздық өсімнен қағылуда.

Салымшылар үшін енді өтімділік және табыстылық деңгейлері әртүрлі салымдардың санаты қолжетімді. Егер салымшы барлық мерзім бойы ақшаны алмай жинақтау депозитін ашуға дайын болса, ол ең жоғары табыс алып қоймай, сонымен бірге ең үлкен қорғау 15 млн. теңге алады. Шетел валютасындағы салымдар бойынша шекті мөлшерлеме-1 пайыз болып бұрынғы деңгейінде қалады.

Тамыздың соңында Ұлттық банктің алтын валюта резервтері 30,8 млрд. АҚШ долларын құрады. Жыл басынан бұл көрсеткіш өзгерген жоқ. Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 56, 5 млрд. АҚШ долларын құрады. Қазір Ұлттық Банктің алтын портфелі 335 тоннаны құрайды.

Шынар Оразова