«Білім беру ұйымдарына ашық бухгалтерия енгізудің уақыты жетті»

1054

Мемлекет мектепті қамтамасыз етуге қауқарcыз. Сондықтан оқушыны дамытуға қолайлы жағдай жасау үшін ата-ана да қол үшін беруі қажет. Бүгін Шымкентте ведомство өкілдері бастаған білім саласының мамандары қамқоршылық кеңестер құрудың жолдарын талқылау үшін бас қосты.

Қазіргі таңда мектептің қажеттілігі үшін демеушілерден түсетін қаржының жұмсалуында жариялылық жоқ. Сондықтан салаға жауаптылар білім беру ұйымдарына ашық бухгалтерия енгізудің уақыты жетті дейді. Бұл жүйе ата-аналардан түсетін қаражаттың мақсатты жаратылатынын реттеп, ашықтықты қамтамасыз етеді деп сендірді.

Жанат Тәжиева, Шымкент қаласы білім беруді бақылау департаментінің басшысы: «Мектеп директоры есеп береді. Ата-ана берген қаражатының қайда кетіп жатқанын біліп отырады. Қазір мұны қалай жолға қоюға болатынын ойластырып жатырмыз…».

Мақпал Рысбаева