Түркістан облыстық сотының оқу орталығында Фридрих Эберт атындағы қордың ұйымдастыруымен «Еңбек дауларын шешуде татуласу рәсімдерін қолдану» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараға өңір судьялары, заңгерлер, кәсіпкерлер, денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының өкілдері, еңбек инспекторлары, кәсіби медиаторлар және журналистер қатысты.
Семинар барысында қордың сарапшылары Артем Корчагин, Эдуард Вахмин және Инесса Қуанова қатысушылармен еңбек дауларының пайда болуы және даму мәселелерін талқылап, оларды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып шешу әдістеріне үйретті, тәжірибелік сабақта еңбек дауларындағы түрлі жағдайларды талдады.
Еңбек қарым-қатынастарының тараптары өз көзқарасын білдіруге, қарсы тараптың позициясын тыңдауға, туындаған жағдайды бірлесе талдауға мүмкіндік берілген топтарда жұмыс жасау өз нәтижесін берді.
Олар ұжымдық еңбек дауларын шешуде жаңа дағдылар мен білімге ие болып, кәсіподақ ұйымдарының халықаралық тәжірибесі және рөлі туралы білді.
Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі