«Kazakhstan Fashion week» сән апталығы шымқалалықтарға қуаныш сыйлады

775

Шымқала тарихында тұңғыш рет  «Kazakhstan Fashion week» сән апталығы өтті. Сұлулық, әдемілік, талғам мен талант салтанат құрған іс шараны «Сұлумоделс» сән агенттігі қолға алған.

15 жылдық тарихы бар  «Kazakhstan Fashion week»  сән апталығын Шымкентте өткізу идеясының авторы, «Сұлумоделс» сән агентінің директоры Ақжамал Әбілдаева. «Астана, Алматы қалаларында өткізіліп жатқанда ылғи ойлайтынмын. Неге Шымкентте осындай іс шара өткізбеске деп. Бүгін міне сәті түсті. Қазақстанның үшінші мегаполисі атанған Шымкент қаласында дәл осындай мәдени шара қажет деп ойлаймын. Астана мен Алматы, Ақтөбе қалаларынан келген сәнгерлер, сондай ақ Шымкенттің дизайнерлері өз туындыларын ұсынып жатыр.» 

«Сұлумоделс» сән агенттігінің моделі Әнел.  «Kazakhstan Fashion week» Шымкент сән апталығына демеушілік көрсеткен «Бал текстиль» компаниясының басшысы Талғат Исахво мырза. «Өзіміздің отандық өндірушілер, яғни киім дизайнерлері де шет елдік озық әріптестерінен асып түспесе, кем еместігіне көз жеткізіп жатырмыз. Отандық өндірушілер де сапалы бұйым ұсынатындығын паш ету мақсатымен қолдау білдіріп жатырмыз. Біздің «Бал текстиль» кілемдері де шет елден әкелінген қымбат, сапалы кілемдерден кем емес. Қайта сапалы, әрі бағасы да қалтаға қонымды. Алдағы уақытта да отандық өндірушілерге қолдау көрсете береміз»-дейді Талғат Исахов.  Сән апталығына келген шымкенттік сұлулар дизайнерлер топтамасын тек тамашалап қана қоймай, киіп көріп, сатып алып жатты.  «Kazakhstan Fashion week» Шымкент сән апталығын ұйымдастырушы, «Сұлумоделс» сән агенттігінің директоры Ақжамал Әбілдаева.  Сән апталығында еліміздегі ең жас дизайнер, ақтөбелік Аянаның да жаңа киім жиынтығы таныстырылды.  «Kazakhstan Fashion week» Шымкент сән апталығы екі күнге жалғасты.  Ұлттық нақышқа бай, заманауи киімдер келушілерді тәнті етіп, тамсандырғаны сөзсіз. Ұйымдастырушылар бұл шараның дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отыр. Осылайша, «Сұлумоделс» сән агенттігі жас дизайнерлер мен отандық сәнгерлерге қолдау білдірмек. 

Жанар Есенбекова