Мархабат Байғұт: Биылғы Президент Жолдауы нақтылығымен ерекше

550
Фото inform.kz

Елімізге белгілі жазушы, «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұт биылғы Президент Жолдауы жыл сайынғы Жолдаулармен салыстырғанда нақтылығымен ерекше екенін айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президенттің халыққа Жолдауын ерекше ықыласпен тыңдаған облыстың құрметті азаматы әрі «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері маңызды құжаттың жүзеге асырылуына өз үлесін қосатынын жеткізді.

«Елбасы халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына баса мән беріп, коммуналдық- шаруашылық саласында, отандық өнеркәсіпке қолдау білдіру керектігіне тоқталды. Сонымен қатар, көлік-логистикалық инфрақұрылымды жолға қойып, ішкі туризмді дамыту қажеттілігін атап өтті. Тағы айта кетейік, учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы біртіндеп көтерілетіні жайлы айтылды. Сондай-ақ, Президент жергілікті жердегі медициналық-санитарлық көмекті күшейту қажеттігін атап өтті. Бұл қуантарлық жайт. Алдағы уақытта медицина саласы дами түсетіні айдан анық»,- дейді жазушы Мархабат Байғұт