«Шымкент – қауіпсіз қала» іс-шарасы жалғасуда

397

«Шымкент-қауіпсіз қала» жол картасы аясындағы іс-шара жоспарына сәйкес, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 21:00-ден кейін алкогольдік ішімдіктерді сатуға шектеу қою және 23:00-ден кейінгі қоғамдық тыныштықты сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жалғасуда.

Осыған орай, Әл-Фараби ауданы аумағында кезекті рет жергілікті учаскелік полицейлер, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы және аудандық әділет басқармасы өкілдерінің қатысуымен іс-шара жұмыстары өткізілді.

Іс-шара барысында, аудан аумағының орталық көшелерінің бірі Республика даңғылы бойындағы 17 нысан араланып, оның ішінде «Сити», «Барс». «Пилигрим» және «Фиеста» кафелері мен 13 азық-түлік дүкендерінің иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, хабарлама парақшалары таратылды.

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі №429 «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 9 бабының 3 тармағында, алкоголь өнімін, тиісті лицензиясы болмаса сақтауға және өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ, алкоголь өнімін: жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға; лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы төленбесе; сағат 21:00-ден келесі күнгі 12:00-ге дейін өткізуге тыйым салынады.

Аталған Заңның талаптарын сақтамау түрінде жасалған бұзушылық үшін – құқық бұзушылықтың тікелей нысаны болып табылған кәсіпкерлік субъектісінің санатына сәйкес, жиырма бестен бастап, алты жүзайлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады(ҚР ӘҚБтК 200,282,463 баптары).

Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.